«Шоң мен Шорман еді»...

Жуықта Баянаулада Шоң, Шорман билерге ескерткіш-мүсіндер орнатылды. Аталмыш шараға кезінде «Шоң би» атты тарихи роман жазған майдангер жазушы, бүгінде 90-ның төріне жақындаған қария Қалмұқан Исабаев келіп қатысып, аудан әкімі Ернұр Әйткенов екеуі ес­керт­­кіштің жамылғысын сы­пырып, ашу рәсімін жасады.
Мүсін авторы – қарағандылық мүсінші, Қазақстан мүсіншілер одағының мүшесі Жаубасар Қалиев. Ескерткіштің тұғыртасына жазылған «Шоң мен Шорман еді, бір-біріне қорған еді» деген Сұлтанмахмұт сөзінен осы екі тарихи тұлға жайлы көп нәрсені аңғаруға болатын секілді. «Едігенің Шоңы еді, жақсылардың соңы еді, істеген ісі оң еді» деп халық айрықша қадірлеген Шоң би – патша үкіметінің отарлауына табанды қар­сылық танытып, хандар инс­титуты тара­тылып, сыртқы округтер ашыла бастаған уақытта «төртуыл одағын» құрып, Баянаула дуанын ашуға қол жеткізген тарихи тұлға. Және ғасырлар бойғы қалыптасқан дәстүрді бұзып, тұңғыш рет қара қазақтың ішінен Баян­аула округіне аға сұлтан болып сай­ланады. Шоң би жайлы ел аузында сақ­талған әңгімелерден басқа, Мәшһүр Жүсіп жазбаларында жан-жақты баянда­лады. Баянаула елінің тағы бір айшықты тұлғасы Шорман би (Жұмабай) Күшікұлы (1788-1836) – бақ пен дәулет бірдей дарыған атақ­­ты Сәти ұрпағы. 14 жа­сында Уәли ханның алдында билік айтып, бала би ата­нып, кейіннен Орта жүз Сүйіндік елінің бі­ре­гей тұлғасына айналады. Алғаш округ ашыл­ғанда капитан дәре­жесіндегі Шорман Шоң Едігеұлының орынбасары болса, Шоң дүниеден өткен соң, оның орнына аға сұлтан сайланыпты. Бірақ бұл қызметті бір жылға жетер-жетпес уақыт қана атқарған Шорман өмірден мезгілсіз өтеді. Сүйегі қазір Ақмола облысы Ерей­ментау ауда­нының жерінде, Шорман өзені­нің жаға­сында жатыр.
Сайлау Байбосын, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
– Шынын айтсақ, қазіргі көзі тірі ге­не­рал­дарға дейін ескерткіш тұрғызып қой­ған Баян елінде кезінде елге тұтқа болған Шоң мен Торыайғыр, Шорман, Үкібай секілді билерге неге бір белгі жоқ деп ойлайтынбыз. Халықтық ән өнерінің қайта­ланбас тұлға­лары – Жаяу Мұса мен Жарылғап­бердіге, қа­зақ әдебиетінің бастауында тұрған Жү­сіпбек Аймауытов пен Қадыр Тайшықов­тарға неге ескерткіш жоқ екен деп жүретінбіз. Осы бір жақсы бастама алдағы игілікті ша­раларға мұрындық болар деп ойлай­мыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста