Солтүстік Қазақстан облысында браконьер – полицей ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында браконьер – полицей ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан полиция қызметкері ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Экология министрлігінің мәліметінше, 6 мамырда сағат 13-00 шамасында "Сапсан" жедел тобы мен Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізген. Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Киалы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы “Шағлытеңгіз" көлінің жағасында жабайы құстарды (қаздарды) рұқсат құжаттарынсыз, заңсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері бар.

Аталған азаматтардан және полиция қызметкерінен заңсыз ауланған жабайы қоныс аударатын қаздардың 31 ұшасы,  2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген.

“31 жабайы қазды заңсыз ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 000 (алдын ала есептеу бойынша) теңгені құрады. Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеріп, тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп қосты аталған министрлік.

Заңсыз аң аулау фактісі 2023 жылғы 6 мамырдағы № 235958031000044 Аққайың ауданының СДТБД-де ҚК-тің 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді (адамдар тобымен жасаған заңсыз аңшылық). Қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста