Шойын жолда қаңтарылды пойыздар

Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы және Қарағанды облыстары аумағында бірқатар бағыттар бойынша теміржол қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы еліміздің Көлік және коммуникациялар министрлігінің мамандары хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, Алматы облысындағы Сарыөзек-Үштөбе-Матай учаскесі арқылы бес бағыт бойынша өтетін жолаушылар пойыздарының қозғалысына шектеу қойылған. Қызылорда-Семей (№22-21), Алматы-Защита (№351), Павлодар-Алматы (№31-32), Алматы-Новосібір (№301-302) және Алматы-Үрімші (№13-14) бағыттарына қатынайтын теміржол көліктері қазір тоқтап тұр. Теміржолдың аталған бөлігіндегі жауын-шашыннан келген зардаптарды жою жұмыстары аяқталғанға дейін №326 Алматы-Новосібір, №385 Новосібір-Алматы және №386-бағыттағы Бішкек-Новосібір жолаушылар пойыздары Шу және Мойынты стансылары арқылы қатынайтын болады. Сол сияқты, еріген қар суының теміржол бойындағы рельстерді басып қалуы салдарынан, кеше түнгі сағат үштер шамасында Қарағанды облысына қарасты Көкдомбақ-Балқаш-1 учаскесінде пойыздар қозғалысына тыйым салынды. Ал Сарышаған-Науалы теміржол бөлігінде пойыздар тек тақ санмен таңбаланған жолдар арқылы ғана жүріп жатыр. Жұп жолдардағы пойыздар қозғалысына шектеу қойылуына байланысты 13 жолаушылар пойызы бекітілген кестеден 30 минуттан 3 сағатқа дейін кешіктірілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста