Синоптиктер желтоқсан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстанның алты облысында орташа айлық температура бір градусқа төмен және қалған аймақтарында нормадан ауытқымайды. Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сұранысына "Қазгидромет" РМК-ның берген жауабында айтылған.

"Болжам бойынша Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облыстарының басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа төмен болады, ал қалған облыстарда - нормадан ауытқымайды", - дейді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облысының кей жерлерінде жауын-шашын нормадан азырақ болады, ал Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында, алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан артық түседі, елдің қалған аймақтарында нормадан айытқымайды.

Желтоқсан айында белсенді циклондардың жиі өтуі мен оларға байланысты атмосфералық ағымдар салдарынан күн райы тұрақсыз болады, елдің солтүстік бөліктерінде қар жауып, жел күшейсе, оңтүстік бөліктерінде тұман және көктайғақ болады. Суық антициклонның таралуына байланысты 5-8, 10, 13-16 желтоқсан аралығында аздаған аяз, бірақ күн ашық болады. ал мереке күндері ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

батыста 13-14 желтоқсанда 23-28 градусқа дейін аяз, күндіз 17-22;

солтүстікте, орталықта және шығыста 14-16 желтоқсанда түнде 25-33 градус суық, күндіз 20-25;

оңтүстік және оңтүстік шығыста 15-16 желтоқсанда түнде 13-20, күндіз 8-13 градус суық.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша, айдың үшінші бөлігінің басы мен аяғында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде:

солтүстік бөлікте түнде 30-38 градус суық, күндіз 23-28 градус аяз;

оңтүстік бөлікте түнде 20-38 градус аяз, күндіз 13-18.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста