Алдағы апталарда түнде шамамен 29 градусқа дейін, ал күндіз 40-45 градусқа дейін ыстық болады.
Қазгидромет Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкентте дабылды ескерту жариялады.
Болжамға сәйкес, 17-19 шілдеде Түркістан облысының басым аумағында күн 43 градусқа, кей жерлерде 45 градусқа дейін ысиды.
Ал Шымкентте +40-42 градус аптап ыстық болады.
17-19 шілдеде Қызылорда облысында да 40-45 градус ыстық болады деп болжанып отыр.