Шетелдік мұрағаттарды зерделеуге ниетті

Биыл керекуліктер ғұлама ғалым, ақын, жерлесіміз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 155 жыл толуын атап өтуде. Осыған орай ғалымның 20 томдық шығармалар жинағы жұртшылыққа жол тартпақ. Бұл – өңір әдебиетінде бұрын-соңды болмаған оқиға.
Бабамыздың есімін елге әйгілеуде тер төккен ғалым Айтмұхамбет Тұрышевтің айтуынша, Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы әлі де болса егжей-тег­жейлі зерттеуді талап етеді. Осылайша, павлодарлық ғалымдар даңқты жерле­сі­міздің мұрасын зерттеуге құлшынып, дабыл қағуда.
Айтмұхамбет ТҰРЫШЕВ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі:
– Мәшһүр Жүсіп орыс әдебиетінің де қыр-сырын меңгерген. Сүбелі дүниелерді өз еңбектерінде қолданған. Ғұлама Құран Кәрімнен бөлек, қасиетті кітаптар Забур, Інжіл, Тауратты да па­рақ­таған. Мұнда айтылған озық ой­лар­­ды, пайымды пікірлерді өз ең­бек­теріне арқау еткен. Ж.Аймауытовпен жазыс­қан хаттарының өзі – бір төбе. Оның ең­бек­тері 20 томнан да асып кетуі мүмкін. Зерттелмеген тұстары бар, шығарма­шы­лығы насихатты да талап етеді. Ресейдің, Өзбекстанның мұрағаттарын зерделеген дұрыс еді. Қолдың қысқа­лығынан республика төңірегінен алысқа ұзай алмай отыр­мыз. Әттең! Қолдағы бар дерекпен Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 20 томдығын әзірле­дік. Ал алыс-жақын шетелдің мұрағат­тарына барсақ, жинақтар саны отызға жетіп жығылуы әбден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста