Шетелде оқу: Қай елдер қазақстандық студенттерге грант бөледі?

Қазақстандық жастар үшін шетел асып оқу оқу таңсық емес. Бүгінде өзге елде өз біліктілігін шыңдап тәжірибе жинау үшін біршама халықаралық бағдарламалар бар. Тек оларды дұрыс таңдай білсеңіз болды. Әлемдік университеттердің қайсысы Қазақстан түлектеріне грант  ұсынады және қандай мөлшерде? Stan.kz тілшісі анықтап көрді. 
  
Қазақстандық азаматтар үшін Венгрия, Қытай, Польша, Әзірбайжан, Словакия, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне білім гранттары беріледі. Бұл тек үкіметаралық гранттар шеңберінде ғана.  Ал қазіргі таңда стипендиялық бағдарламасы бойынша және Қытай, Әзірбайжан, Польша елдерінің жоғарғы оқу орындарына оқуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. 

"Халықарлық бағдарламалар орталығы" әлемдік университеттердің қайсысы Қазақстан түлектеріне грант ұсынатынын және қандай мөлшерде екенін төмендегідей көрсетті:  

 
"2021-2022 жылы: 

1. Венгрия 250 білім грантын ұсынды: оның ішінде, бакалавриат – 110 орын, магистратура 90 орын, бакалавриат+магистратура – 30 орын ( оқу мерзімі 5-6 жыл), докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын. 

2. Қытай Халық Республикасы бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 107 білім грантын ұсынды.

3. Польша Республикасы 11 білім грантын ұсынды: оның ішінде, бакалавриат – 3 орын, магистратура 4 орын, докторантура бағдарламасы бойынша 4 орын.

4. Әзірбайжан Республикасы 10 білім грантын ұсынды: оның ішінде, бакалавриат – 5 орын, магистратура 5 орын.

5. Словакия Республикасы 4 білім грантын ұсынды: оның ішінде, магистратура – 2 орын, докторантура 2 орын.

6. Украина 40 білім грантын ұсынды: оның ішінде, бакалавриат – 30 орын, магистратура 10 орын.

7. Беларусь Республикасы 6 білім грантын ұсынды: оның ішінде, бакалавриат – 3 орын, магистратура 2 орын, докторантура – 1 орын.
Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне ұсынылатын білім гранттары туралы ақпарат Орталықтың ресми сайты bolashak.gov.kz  жарияланатын болады", - дейді "Халықаралық бағдарламалар орталығының" баспасөз қызметі.   

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста