Сербия мен Ресей газ бағасына байланысты келісе ала ма?
Мәскеу Белградқа жеткізілетін көгілдір отын құнын үш есе қымбаттатуға ниетті. Алайда Сербия президенті Александр Вучич бұл ұсынысты құп алмайтынын ашық айтты. Сербия басшысы Владимир Путинмен болатын келіссөз мәселені шешуге көмектеседі деп үміттеніп отыр. Екі ел басшысының кездесуі 25 қарашаға жоспарланған.
Қазіргі уақытта Мәскеу Белград үшін жалғыз көгілдір отын тасымалдаушы болып отыр. Дегенмен, ресейлік «Газпромның» жаңа келісім талаптары сербтер үшін тым ауыр. Екі ел арасындағы қазіргі келісімшарт жыл соңына дейін жарамды. Ол бойынша Белград Мәскеуден келетін көгілдір отынның мың текше метріне 270 АҚШ долларын төлейді. Ал жаңа талап бойынша бұл баға 3 есеге қымбаттамақ. Әзірге Сербия тарапы келісімшартқа қол қойған жоқ.
25 қараша күні Вучич Путинмен жеке кездеседі. Бұл кездесуде Еуропадағы энерготапшылық және екі ел арасындағы газ келісімі талқыланбақ.