Seoul International Travel Fair: Қазақстан несімен таңғалдырды?

Seoul International Travel Fair: Қазақстан несімен таңғалдырды?

Қазақстан стенді Сеулдегі SITF (Seoul International Travel Fair) халықаралық туристік көрмесінде ұсынылды. Іс-шараға әлемнің 70 елінен 800 экспонент және 120 мыңнан аса келушілер жиналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандық делегация құрамында отандық туроператорлар, әуекомпаниялар және басқа да бизнес өкілдері болды. Стендті Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды.


Іскерлік бағдарламадан басқа, келушілердің назарын стендке аудару үшін ұлттық үлгіде киінген актерлер мен музыканттар шақырылды, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл көрмені ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмады, қазақстандық делегацияның стенд аясындағы іс-шаралары үздік танылып, арнайы сыйлықпен марапатталды.

"SITF сынды ауқымды көрмелерге қатысу Қазақстанға басқа елдерден туристерді тарту үшін өте маңызды. Мысалы, өткен жылы елімізге Оңтүстік Кореядан 16 мың қонақ келді. Осындай стендтермен біз елімізге келушілер санын ұлғайтуды, сондай - ақ әлеуетті туристерді Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық дәмімен таныстыруды мақсат етіп отырмыз", - деп атап өтті ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста