Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібі кешенін жекешелендіруге жол бермеуге шақырды

Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібі кешенін жекешелендіруге жол бермеуге шақырды

 Қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындарды жекешелендіру мемлекет үшін қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында осы мәселеге орай пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат тәуелсіздік жылдарында осы маңызды салада бірқатар өзгерістер орын алғанын атап өтті. Қорғаныс өнеркәсібі кешеніне жататын кәсіпорындардың көпшілігі бүгінде жекешеленіп кеткен және жекеменшікте қалып отыр.

«Қазіргі кезде отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өзегі саналатын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы активтерінің құрылымына 15 кәсіпорын кіріп тұр. Оның ішінде «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес, 4 активті сату көзделіп отыр, соның біреуі «Тыныс» акционерлік қоғамы биыл мамыр айында сатылып кетті», - деді сенатор Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Депутат ол сатылғаннан кейін «Қазақстан инжинирингі» қарулы күштерді барынша сұранысы бар қару-жарақпен және әскери техникамен толық қамтамасыз ете алмай қалуы мүмкін екенін айтты.

«Бұл саладағы кәсіпорындарды жекешелендіруден тиісті қауіп бар. Яғни мемлекет жағынан жекеменшік қорғаныс өнеркәсібін қадағалау мүмкіндігінің азаюы, қорғаныс өнеркәсібіне шетелдік инвесторлардың қатысуы болашақта оның қызметін мемлекетке қарсы пайдаланылмайтына кепілдіктің болмауы, соғыс жағдайында қорғаныс өнеркәсібінен айырылып қалу жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл ретте жекешеленген мүлік тістегеннің ауызында, ұстағанның қолында кетпес үшін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді жекешелендіруге жол берілмеуін талап етеміз»,-деді сенатор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста