Бұл үшін көп қаржы қажет.
Семей қаласы мен Курчатов қалаларындағы кәріз-тазарту жүйелерінің 75 пайызы тозған. Бұл туралы Абай облысының тұрғындарымен кездескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Семей қаласы мен Курчатов қаласының кәріз-тазарту құрылыстары 75 пайызға тозған. Олар өз кезегінде күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қажет етеді. Бұл үшін көп қаржы қажет. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар экологиялық төлемдерден түсетін қаражатты осы мақсаттарға пайдалана алады», - деді министр.