Семейде 83 жастағы жүргізуші жедел жәрдеммен жолға таласқан

Семейде 83 жастағы жүргізуші жедел жәрдеммен жолға таласқан

Семейде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Полицейлердің айтуынша, «KIA» маркалы автокөлікті тізгіндеген 83 жастағы жүргізуші дәрігерлерге жол бермеген. Төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта тергеу басталып, сот сараптамасы тағайындалды.

Павлодар облысында барымтамен айналысқан топ құрықталды

Павлодар облысында барымташылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Олар Семей қаласынан ұрланған 40 бас жылқыны айдап өту кезінде қолға түскен. Бес адамнан құралған топ  Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты мал ұрлығын жасаған. Тінту кезінде күдіктілерден тағы да 67 бас ұрланған жылқы, автокөлік пен екі мотоцикл табылған.

СҚО-да скутер мінген жігіт ауыр техникаға соқтығысып, ажал құшты

Солтүстік Қазақстан облысында скутер мінген жігіт ауыр техникаға соқтығысып, ажал құшты. Оқыс оқиға Мамлют ауданы Покровка ауылы маңындағы «Челябі-Новосібір» автожолында болған. Облыста жыл басынан бері скутерлердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталған.

Алматы облысында қару-жарақ тәркіленді

Алматы облысының полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде қолданылған қару-жарақты тәркіледі. Екі автомат, жеті тапанша мен мыңнан астам оқдәрі Талдықорған қалалық полиция бөлімінің қару қоймасынан ұрланғаны белгілі болды. Күдіктілер қаруды үш жер үйде сақтаған. Қазір бұл іске қатысы бар азаматтар ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өскеменде газ-ауа қоспасы жарылып, 13 адам эвакуацияланды

Оқыс оқиға 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бірінші қабаттағы пәтерде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде газ-ауа қоспасы атылған. Жарылыстан 1-қабаттан 5-қабатқа дейінгі әйнек сынып, есіктер зақымданған. 1989 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста