«Шекарадағы интернет, виртуалды алаяқтар, 5G»: Бағдат Мусин мәселелер қалай шешілетінін айтты

Еліміздегі 6 406 елді мекеннің 4 733-і, яғни 74 пайызы кең жолақты мобильді интернетке қосылған. 1 628 елдімекен – 4G-ге қосылған, 3 105 - 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. Барлық елдімекендердің 34 пайызы ADSL технологиясымен, яғни мыс сымымен жалғанған, ал оптикаға 26 пайызы қосылған.  Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мәжіліс залында өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

 
Отырыс барысында депутат Снежана Имашева шекаралас елдімекендердегі мобильді байланыс мәселесін көтерді. Аталған аймақ тұрғындары шетелдік байланыс операторларын пайдалануға мәжбүр. Бұл мәселе талай мәрте көтерілгенімен, әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

Бағдат Мусиннің сөзіне сенсек, мұндай қиындықтар тек біздің елде ғана емес, Еуропада да бар.

«Статистикаға сүйенетін болсақ, елімізде 770 шекаралас елдімекен бар. Оның ішінде 220-сінде шетелдік ұялы байланыс операторларының сигналының ену фактісі бар. Бізде БҰҰ-ның халықаралық регламенті бар. Соған сай операторлардың шекарада бір-біріне 15 шақырым жерге дейін кіруі қарастырылған. Бұл халықаралық құжат. Біз оған ешқандай түзетулер мен өзгертулер енгізе алмаймыз. Енді осы 220 елдімекеннің нақты көрсеткіштерін жазып, шекаралас елдерге хат жолдап, солармен регламентке тиіс жұмыстар жүргізудеміз. Бірақ айта кетерлігі, мәселен олардағы ірі қаладан, Бішкек дейік, біздің кішігірім елдімекенге қалай болғанда да сигнал келеді. Себебі үлкен қалада базалық станциялар көп орнатылған, ал біздегі мың ғана тұрғыны бар ауылда бір ғана базалық станция бар. Ал шекараға базалық станция қойып тастау бұл үлкен қаражатты қажет ететін жұмыс. Еуропада да мұндай проблема бар. Бірақ олар мәселені шекарадағы роуминг құнын төмендетумен шешкен. Қазір соның аясында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Мусин.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Павел Казанцев та бұл мәселенің өзектілігіне тоқталып өтті.

«Бұл тек техникалық қана емес, сонымен қатар идеологиялық мәселе. Шекаралас елдімекендердің тұрғындары өзге ақпараттық аймақта өмір сүріп жатыр, олар басқа елдің идеологиялық ықпалында тұрып жатыр. Бұған жол беруге болмайды. Сондықтан да бұл мәселеге баса назар аудару керек», - деді ол.
Төменгі палата депутаты Артур Платонов болса, соңғы жылдары қоғам арасында белең алған интернет алаяқтарына қатысты мәселесіне қозғады.

«Жыл сайын мыңдаған азаматтарымыз телефон алаяқтарының құрбаны болып отыр. Мұндай қылмыстардың саны үнемі өсіп келеді, алаяқтар әртүрлі нөмірлерден, соның ішінде жалған, виртуалды, жоқ нөмірлерден қоңырау шалады. Бірақ абоненттер оларды банктердің және басқа ұйымдардың телефон нөмірлері ретінде көреді. Бұл қоңыраулардың барлығы жергілікті байланыс операторларының арналары арқылы жасалады. Операторлар трафикті өткізіп жібергені үшін қандай жауапкершілікке тартылады және мұндай жалған қоңыраулардың алдын алу үшін оператор қандай шаралар қолданады?», - деді депутат цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің қойған сұрағында.
Ведомство басшысы бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын, алайда шетелден келетін қоңырауларға шектеу қою мүмкін еместігін атап өтті.

«Біз бірнеше рет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп операторларды жинадық. Олар алаяқтардың номерлерін анықтауды үйренді. Қазір ұялы байланыс операторлары барлық ақпаратты бір-бірімен бөлісу үшін интеграция жүргізуде. Яғни, жалған нөмірден қоңырау түскен кезде олар оны анықтап, бұғаттауды үйренді. Бірақ бір мәселе бар. Алаяқтар біздің телефон нөмірлерімізді шетелге шығарып, сол жерден роуминг арқылы телефон соға алады. Егер басқа елдерден қоңырау түссе, біз оларды бұғаттауға құқығымыз жоқ. Меніңше бізге екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істеу керек. Бір ғана SMS арқылы несие алуды тоқтату керек. Ол үшін біз үш факторлы аутентификацияны ұсынамыз. Бұл биометриялық сәйкестендіру, SMS және электрондық қолтаңба», - деді Бағдат Мусин.
Цифрлық даму министрлігі әзірлеп жатқан «Қолжетімді Интернет» жаңа ұлттық жобасы елді мекендерді (қалалар мен ауылдарды), автожолдарды кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етуге және олардың сапасын жақсартуға бағытталған. Жобаның мақсаты – Интернетке 100 Мбит/с қосылатын телекоммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

«2027 жылы кең жолақты Интернеттің үй желілеріне ену деңгейін 100 пайызға, оптикалық желілерімен 95 пайыз үй шаруашылықтарын қосу, республика бойынша 5G технологиясы  75 пайызға жететін болады. Ал экономикада жалпы ішкі өнімдегі байланыс  2 пайызға жеткізіледі. Ұлттық жобаның басты іс-шараларының бірі – оптиканы 3 мың елдімекенге жеткізу. Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп «соңғы миляға» интернет жеткізу үшін, кіші және орта операторларды субсидиялау, яғни капекс шығындарын өтеу үшін арнайы гранттар беретін боламыз», - деді Бағдат Мусин.
Сонымен қатар, 20 қалада 5G ұялы байланыс желілерін енгізу және салу қолға алынады. Еліміздің операторларын 4G, 5G технологияларына инвестиция құюға ынталандыру үшін оларға төлем ставкаларын нөлге түсіру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Болжам бойынша еліміздің аумағында 2027 жылға дейін 3 жарым мыңнан астам базалық станция қойылатын болады.

«Ұлттық жобаның іс-шараларын жалғастыра келе, жаңа технологияларды қолданып, 4 мың базалық станция үшін қалалық оптиканы енгізу қарастырылған. Бұл 4G мен 5G желісін енгізу үшін маңызды. Оптикалық инфрақұрылымның жалпы кеңдігі 10 мың километрді құрайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды платформасына сәйкес еліміздің аймақтық цифрлық хаб ретінде орнату үшін 380-400 километрге созылған Каспий теңізінің түбіне талшықты-оптикалық жүргізу. Батыс-Шығыс Ұлттық гипермагистралінің құрылысы, Қытай трафигінің Қазақстан аумағы бойынша және суасты кабелі арқылы Әзірбайжанға дейін, одан әрі Еуропаға шығуын көздейді (Грузия - Қара теңіз – Болгария – Словакия арқылы Германияға). Сонымен бірге, транзит және халықаралық трафикті сақтау үшін Tier - III деңгейінен төмен емес деректер орталығын құру», - деді министр өз баяндамасында.
Сонымен қатар, министр Бағдат Мусин байланыс операторларының сапасыз жұмысына салынатын айыппұл механизміне тоқталып өтті.

«Атап айтқанда, әрбір байланыс технологиясы үшін ең төменгі сапа параметрлері белгіленген. Нақты айтатын болсақ, 3G үшін – секундына 1 Мбит, 4G  үшін - секундына 5 Мбит. Ал халықаралық стандарт? Бұл механизмге сәйкес, бекітілген сапа көрсеткіштерін бірінші рет бұзғаны үшін «айыппұл» мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен 1000ға көтерілді.  Бұл талап қайта бұзылса, 200 АЕК-тен 15 мыңға дейін көтерілген. Шынын айту керек, бұрын айыппұл мөлшері аз болған. Сол себепті операторларға, басты жауапкершілікті алмай, жай айыппұл төлеп жүре беру ығайлы еді. Қазір, айыппұл мөлшерінің өсуі, операторларды өз инфрақұрылымына жауапкершілікпен қарау және тұтынушыларды, яғни азаматтарымыздың қанағат болуын алға қояды», - деді Мусин.
Министр келтірген деректерге сүйенсек, 2022 жылы барлығы 1051 тексеру жүргізіліп, 1 млрд  264 млн теңге сомасына айыппұл жазылған. Бұған қоса, айыппұл нәтижесінде операторлар 700-ден астам базалық станция қосымша орнатты.  

Халықаралық телекоммуникация одағының (ITU) мәліметі бойынша, өткен жылы бүкіл әлем бойынша интернетті пайдаланатын адамдардың саны 4,9 миллиардтан асты. Ал дәл осы уақыттта Елімізде Интернет пайдаланушылардың саны 90,9 пайызды құраған екен.

«Интернет қолданушыларының саны ғана емес, сонымен бірге олардың Интернетте өткізетін уақыты да өсуде. Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына түсетін салмақтың артуына басты себеп. Алдында айтқандай, біз базалық станцияларды көбейту жұмыстарын жүргізудеміз. Өз кезегінде, бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болған радиофобия проблемасын атап өту қажет. Біздің мемлекетте де осындай топтардың базалық станцияларды демонтаждау салдарынан байланыс сапасының күрт төмендеуіне себеп болады. Яғни, бұл мәселені түбегейлі шешпей, байланыс сапасын жақсарту мүмкін емес», - деді министр.
 

Айжан Жамбылбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста