Шекара қызметінің құрылғанына 29 жыл

18 тамыз – ел тыныштығын тәулік бойы күзететін Шекарашылар күні, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жалпы биыл қазақ мемлекетінде шекара қызметінің құрылғанына 29 жыл толды.

 

Айтулы датаны маңғыстаулық шекарашылар зор жетістікпен қарсы алып отыр. Биыл олар браконьерлермен күресте мемлекет қазынасына келетін 2 млрд теңгеге жуық шығынның алдын алды.

 

Қарақия ауданындағы «Даля» шекара бөлімшесі бақылайтын теңіз жағалауында бейсауат жүрген қайық радарға түсті. Кері жауап болмаған соң жауынгерлік дабыл қағылды. Арнайы жасақ бес қаруын асынып, жол талғамайтын жүрдек көлікке мінді. Олар қайық тоқтаған жағажайға тез жетіп, шекара бұзған күдіктілерді құрықтауға кірісті.

 

Әдетте Әзербайжан, Дағыстан жақтан келетін табиғат қаскөйлері теңізге атыс қаруын алып шығады. Мұны білетін шекарашылар тойтарыс беріп, берілмесе жаудың көзін жоюға машықтанған. Ел күзетінде жүрген шекарашылар осылайша күнде жаттығады.

 

«Даля» шекара бөлімінен 10 шақырым қашықта техникалық бақылау бекеті тұр. Автономды нысан судан, көктен, құрлықтан келер қатерді дер кезінде байқауға мүмкіндік береді. Бұл жерде солтүстік аймақтардан келген жастар әскери міндетін өтеп жатыр.

 

Түрікменмен арадағы шекара белдеуінің бұзылмауын цифрлық құрылғылар көмегімен қадағалайды.

 

Дінмұхаммед Төлеутаев, техникалық бақылаушылар тобының бастығы:

 

– Бөлімше мемлекет шекарасын көктен және теңізден келетін қауіптен қорғайды. Жауынгерлік іс-әрекет шекара флоты, әуе күштері және арнайы жасақпен бірлесе атқарылады. Техникалық бекетте барлық жағдай жасалған. Соңғы үлгідегі бақылау құралдары түнде де нысананы анық көруге мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау өңірі тоғыз жолдың торабында тұр. Тәуелсіздік жылдары көрші мемлекеттермен шектесетін ұзындығы 2 мың шақырым шекара қоршаулары жаңарды. Биылдың өзінде елімізге рұқсатсыз кірмек болған 350-ден астам шетел азаматы ұсталып, жауапқа тартылды.

 

Ерік Тұрғанбаев, ҚР ҰҚК шекара қызметі аймақтық департаментінің басқарма басшысы:

 

– Оның бесеуі – мемлекет шекарасын бұзушы. Тағы 155-і шекара режимін бұзғаны үшін қалған 200-дей азамат территориалдық және ішкі су режимдерін бұзғаны үшін заң алдында жауап береді. Табиғат қаскөйлерімен де күрес тоқтаусыз жүріп жатыр. Шекарашыларымыз Каспий теңізінің биологиялық ресурстарына 1 млрд 800 млн теңгеден астам зиян тигізетін шығынның алдын алып отыр.

 

Мына кесек тастарға қарап Ауғанстанның қышлағында жүргендей күй кешесіз. Шын мәнісінде «Сүйе» деп аталатын техникалық бақылау тобы дәл осы бекетте орналасқан. Бұл жердің Түрікменстанмен арақашықтығы бар-жоғы 1 шақырым. Бұл бекет қолданысқа берілгені бірде-бір рет мемлекет шекарасын бұзу дерегі тіркелмеген. Ылайым, тыныштық болсын деп тілейміз.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста