Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді

Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов істі болған Владислав Челахтың Президентке жазған хаты туралы тілшілер сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Бұл оқиға болған жылы тиісті қылмыстық іс тергелген болатын. Атап айтқанда, тергеу амалдары толық жүргізілді. Егер басқа да мәлімдемелер болса, оның мән-жайын қарастыруға болады. Қазір ол не туралы айтқысы келгенін нақты білмеймін», - деді А. Алдажұманов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

 

Сонымен қатар ол бұл іс бойынша Шекара қызметінің ұстанымы тергеу органдарының дәлелдерімен сәйкес келетінін айтты.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Владислав Челахтың Президентке жазған хаты жөнінде пікір білдірді.

 

Былтыр жыл соңында В. Челах өтініші Бас прокуратураға түсті.

 

Еске сала кетсек, 2012 жылы мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні Алматы облысының «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы және бір қорықшы қаза тапты.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста