Сәуір айына арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК алдағы айдың ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы сәуір айы жылы әрі жауын-шашынды болады деп күтіліп отыр. Әсіресе, бұл құбылыс айдың бірінші және екінші онкүндігінде жиі байқалады. Сондай-ақ, сәуір айында жылы және суы күндер алмакезек болатынына байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Ол кезде ең төменгі температуралар бірінші онкүндіктің соңына қарай болады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде ауаның түнгі температурасы 5-15 градусқа, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстік бөлігінде ауаның түнгі температурасы 0-5 градус жылы, 5-10 градусқа дейін түседі», - деді «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, сәуірдің ортасы мен үшінші онкүндіктің орта шенінде Орталық Азиядан келетін жылы ауа массаларына байланысты жылы күн райы орнайды.

Солтүстік аймақтарда ауа температурасы 15-23 градусқа дейін жоғарыласа, оңтүстікте 20-28 градусқа дейін жылынады.

«Бірақ сәуір айында ауа-райы әлі де алдамшы болғандықтан, бұндай жылы күндер ұзаққа созылмайды. Үшінші онкүндіктің басында және соңына қарай күн райы қайтадан суыта түседі. Еліміздің солтүстік аймақтарында жауын-шашынды болады. Түнде ауаның температурасы 0-ден төмен, күндіз 5-15 жылылықты көрсетеді. Ал оңтүстік өңірлерде өткінші жауын жауып, найзағай күркірейді. Ауаның түнгі температурасы 5-10 градус жылы, күндіз 15-20 дейін көтеріледі», - деп атап көрсетті Г.Ақышева.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста