Адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы нығайып, сый-құрметін арттыруда алғыс айтудың берері мол. "Үлкенге ізет, кішіге құрмет" деген қазақ халқының ұрпағы бүгінде, осы үлгілі жолмен жүріп келеді.
Олай деуімізге себеп, Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінің үздік оқушылары полиция қызметкерлеріне алғыс айтты. Қиын да қауіпті, тәулік бойы істейтін қызметтеріне сәттілік, биік абырой тіледі.
Сондай-ақ аудан әкімдігі "Алғыс айту" күніне орай қызметте кәсіби шеберлігімен танылып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тәртіп сақшыларына "Алғыс хат" табыстап, марапаттады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі