Сара Назарбаева әлеуметтік желі арқылы отбасылық эксклюзивті суреттерді жариялады

Сара Назарбаева әлеуметтік желі арқылы отбасылық эксклюзивті суреттерді жариялады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жары Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді. Сара Назарбаева өзінің аккаунтындағы алғашқы отбасылық суретті 1 желтоқсан, яғни Тұңғыш Президент күні жариялаған.

"Күлкі - сенің өмірлік стилің", - деп жазады ол алғашқы суреттің астына.

Осыған дейін Сара Алпысқызының парақшасында бар болғаны сегіз сурет жарияланыпты. Соның бірнешесі - эксклюзивті сурет.

Оның бірі - отбасылық сурет. Бұл суретте Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі, Сара Алпысқызы, сонымен бірге үш қызы, яғни Дариға, Динара, Әлия және немерелері, Тимур Құлыбаев пен Елбасының бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің суреттері бар.

Тағы бір ескі сурет көрерменнің назарын еріксіз өзіне аударады. "Біздің жастық шақ", - деп жазады аталмыш суреттің астына Сара Назарбаева.

Мына сурет те отбасылық мұрағатта жиі кездесе бермейді.

Қазір Сара Назарбаеваның Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына 436 қолданушы тіркелген.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысына қарасты Қызыл-Жар ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. 1992 жылы қайырымдылық жасау мақсатында республикалық сәбилерге арналған "Бөбек" қорын құрды, содан бері аталмыш қордың президенті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста