Сақшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды

Сақшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды

Өткен жұма күні Алматының тәртіп сақшылары қызмет барысында қаза тапқандар рухына тағзым етті. Қалалық ішкі істер департаменті қызмет барысында қаза болған сақшыларды еске түсіру үшін қоян-қолтық ұрыстан жарыс өткізді.
Полицейлер бұл күні қызметте қаза болған әріптестерінің құрметіне ашылған ескерткішке гүл қойды. Алматының бас полицейі, полиция полковнигі Қайрат Тыныбеков айбынды алматылық сақ­шылардың ерлік істеріне тоқталды. Жинал­ғандар қызмет барысында қаза болған құқық қорғаушыларды бір минут үн­сіз­дікпен еске алды. Салтанатты жиынға қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері қатысты, ішкі істер басшылығы оларға арнайы сыйлықтар табыс етті.
Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, Алматы қаласы ІІД бастығы, полиция полковнигі:
– Еліміз Тәуелсіздік алған жыл­дардан бері 47 алматылық тәртіп сақшысы қаза тапса, оның 18-і аса қауіпті қылмыскерлерді тұтқындау барысында мерт болған. Соның ішінде патрульдық полк қызметкерлері – полицияның аға сержанты Әбдіров Ғалымжан Әбішұлы, полиция аға сержанты Дабылов Мақсат Ералыұлы, полиция аға лейтенанты Қайрақбаев Ержан Қинуллинұлы, полиция лейтенанты Қожахметов Ерназ Жаманқараұлы бар. Марқұмдардың Отан алдындағы ерлік істері өзге де әріптестеріне үлгі болып қалмақ. Біз олардың Алматы қаласы ішкі істер департаментінде қызмет еткенін мақтанышпен еске алатын боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста