Отбасы күнін Теміртау қаласының мұражайы жез самаурынмен көпшілікке шай ұсыну арқылы қарсы алуды жоспарлап отыр. Буы бұрқыраған қою күрең шаймен ғана шектелмек емес мұражай. Сонымен бірге самаурындар көрмесін өткізеді. Мұражай бас болып, қорынан құнды жәдігерлер саналатын самаурындарын жұртшылық назарына ұсынуды жөн санапты.
Самаурындардың ең көнесі – 1900 жылғы самаурын. Ол Туладан жеткізіліпті. Ал қалған самаурынды қала тұрғындары әкелмекші. Сондай-ақ самаурындар көрмесімен қатар балалар арасында шайға қатысты түрлі сайыстар ұйымдастылмақшы. Бүгінде мұражай қызметкерлері алып пазлл-самаурынды жасауға жұмылған. Тіпті шағын шәйнектер де бар. Бұл шайнектерге көрмеге келгендер қолтаңбасын қалдырып, лебіз-тілегін жаза алады.
Светлана ТРЕЩЕВА, мұражай қызметкері:
– Былтырғы жылы Отбасы күніне біз ағаш орындықтар көрмесін жасаған едік. Себебі ағаш орындық – отбасындағы тірліктің, бәрінің бастауы. Ол отбасындағы темірқазық секілді. Ал бұл жолы самаурын мен шайнектен көрме жасауды жөн санадық. Шай ішетін самаурын-шайнек – отбасын ұйытатын үйдегі ең басты зат. Төрт көзі түгел жиналып, шай ішпейтін отбасы жоқ.
Бұл көрме мұражайдың ішінде емес, ашық аспан астында көшеде өтеді. Көрменің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ал самаурындар иелеріне қайтарылады. Отбасы күні мамырда болғанымен, мұражайлықтар алдағы күндерде атап өтпекші.
Самаурындар сап түзейтін көрме
Последние статьи автора