«Шалдары шегінбейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз...» - Қасым Аманжол

«Шалдары шегінбейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз...» - Қасым Аманжол

Елге белгілі журналист Қасым Аманжол "Шалдары шегінбейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз..." деген тақырыпта желідегі парақшасына қызықты жазба жариялады. Ол алпысты алқымдаса да, басшылық қызметке тағайындалатындарға наразы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Жақында екі ірі универдің, екі ірі газеттің басшысы тағайындалды. Бәрі алпысты алқымдағандар. Қарияға қастығым жоқ, бірақ,  62 жастағы Түймебаев,  64 тегі Сыдықов өз потенциалдарын көрсетіп болды емес пе? КазГУ ды КазГУ қылған Өмірбек Жолдасбеков 39 жасында ректор болған екен (!). Сол жолдасбековтердің жолын жалғасын деп қанша жасты мемлекет Болашақпен оқытпады ма? Қырықтың ар жақ, бер жағындағы, білімі мен білігі толысқан, бабында жүрген қаншама азамат бар. Олардың обалы, олар беруге тиіс нәтиженің обалы кімге?(Тіпті, жақында басы дауға қалса да Саясат Нұрбек сияқты білімді мамандар көп жұмыс атқара алар еді деп ойлаймын)", - деп жазған журналист одан әрі де тоқтамады.

Тіпті, қартайса да басшылық қызметке білек сыбана кіріскендердің аты-жөнін жіпке тізе жөнелді.

"Ал екі газет ше? "Ана тіліне" Жанарбектің орнына келген, 62 дегі Қали Сәрсенбай ағамыз не істей алады? Рас, жақсы адам, еңбекторы журналист, кісілігі зор. Алайда, көрсетерін көрсетті, берерін берді ғой. Қалекеңнің орнына "Алматы ақшамына" Данияр Төрехан деген алпысты алқымдаған  ағамыз келіпті. Не істейді, нені өзгертеді, түсіне алмайм... Журналистикада жиырмасы мен отызында өздерін дәлелдеп тастаған Сәкен Сыбанбай, Жұлдыз Әбділда,  Кәмшат Тасболат, Есей Жеңісұлы, Руслан Ерботалар ше? Мүмкіндік берілместен, бауырын жазып шаппастан қартаятын болды ма... Аты аталған-аталмаған қанша  мықты профилер бар. Бір кезде Алтынбек министр болғанда отызға енді ілінген курстастары мен достары &mdash Нұртөре,  Шәмшиддин, Серғазы, Жүсіпбек т, б. қаншама азаматты редактор, замредактор етті. Олар шынымен мықты жұмыс атқарды. Өз кезеңінде. Енді сәл шегінуге, жол беруге мәрттігі жетпейтініне таң қаламын. Медиа саласының кураторы боп отырған Абаев, Балаева, Уәлилердің қазақ журналистикасы, өз замандастары жайлы түсініктеріне қайранмын...", - деп сөзінің соңына көп нүкте қойып кетті. Сірә, бұл тақырып аясында әлі де жазары бар-ау!?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста