Саябақ ішінде атпен жүрген адам бірнеше бүлдіршінді таптап кетті

Түркістан облысы Кентау қаласында атқа мінген адам саябақта серуендеп жүрген бірнеше бүлдіршінді таптап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz сілтеме жасап. Оқиға 9 мамыр күні кешкі уақытта болған. Тұрғындардың бірі өз жазбасында көпшілік серуендейтін орындарда атпен жүруге тыйым салу керектігін алға тартып, жергілікті әкімдік пен депутаттардан, полициядан араша сұраған.

 
«Саябақта сайраңдап, қатты шауып жүрген бұл азамат бірнеше бүлдіршінді қағып кеткен. Бір бүлдіршін танысымның қызы. Артынан қуса, ұстатпаған. Бүгін 2-3 адамды қағып, жазасыз жүрсе, ертең не болмақ?… Қаншама бала-шаға жүр. Ертең біреудің баласы өлсе не болмақ? Маған ата-анасы «Не істейміз?» деп жіберді. Мынау ойнайтын нәрсе емес. Тапа-тал түсте қызды зорламақ болады, кешке атпен қағады. Халықта құқық қорғау органдарына деген сенім сейіліп барады» деп жазды Гүлжан Серік есімді желі қолданушысы.
Автор желі парақшасында саябақтағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған сәттің үзінді видеосын да жариялады. Көп ұзамай Кентау қалалық әкімдігіндегілер бұл жайт бақылауға алынғанын, құзырлы органдар тарапынан тексеру жұыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиғаны растады. Бұл туралы полицияға қалалық орталық  ауруханасындағылар хабарлаған. Полиция мәліметінше, саябақта ата-анасымен кетіп бара жатқан кішкентай қызды жылқысын игере алмай қалған тұрғын соғып құлатқан.

«Аталған жайт Кентау қалалық полиция бөлімінде тіркелді. Алайда әкесі кішкентай қызының дене жарақатын алмағанына байланысты арыз жазудан бас тартқан.  Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде» делінген полиция мәліметінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста