Сәбит Нұрлыбай бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлыбай Сәбит Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
 
Комитеттің бұрынғы басшысы Қайрат Жақыпбаев қазан айының басында президент әкімшілігінде мемлекеттік заң бөлімінің бастығы болды.