Сәби қайтыс болды: Павлодарда діни сенімнен шыға алмаған әйелге қатысты ақпарат шықты

Сәби қайтыс болды: Павлодарда діни сенімнен шыға алмаған әйелге қатысты ақпарат шықты

Баласына қан құюға келісім бермеген әйел өткен жылы өзіне қан құйған дәрігерлердің шешіміне шағымданбаған
Павлодарда жаңа туған сәбидің ата-анасы діни сеніміне байланысты баласына қан құйдырудан бас тартты. Салдарынан сәби қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті Pavlodarnews.kz.

Ұл бала 2021 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келді. Шала туған нәрестенің салмағы 700 грамм болды. Медициналық көрсеткіштер бойынша оған шұғыл түрде қан құю қажет еді. Алайда жас ана діни сеніміне байланысты одан бас тартты. Павлодарлық дәрігерлер бірнеше сағат бойы оны көндіруге тырысқанымен, нәтиже шықпады.

Әйел бланкіге қан құюдан бас тарту салдарынан баланың өміріне тікелей қауіп төнсе де, шешімін өзгертпейтінін жазды.

Басылым дерегінше, бұл Иеһова куәгерлері бағытын ұстанатындардың арасындағы алғашқы жағдай емес. Иеһова куәгерлері өлім мен өмірдің арасында тұрса да балаларға қан құюға қарсы болады.

Осылайша, жас ана бұл процедураға қарсы екенін, "қан құю арқылы жұқтыру және асқыну қауіпі бар" екенін айтып, балама емдеу әдістеріне келісті.

Басылымның ақпаратына сәйкес, егер ата-ананы көндіру мүмкін болмаса және сол уақытта баланың өміріне қауіп төніп тұрса, ол процедураны ата-ана келісімінсіз өткізуге қатысты консилиум өткізеді. Алайда бұл да оңай шаруа емес. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске және денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес дәрігерлер гемоглобинді балама түрде арттыра алады.

"Иә, эритропоэтин бар, Иеһова куәгерлері бұл туралы біледі. Бірақ бұл препарат жедел қан жоғалту кезінде қолдануға арналмаған", – деді неонатолог дәрігер, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жаңылай Қапанова.
Осы жағдайға байланысты ата-ананы көндіруге көп уақыт кетті. Сондай-ақ, мамандар мұндайда ата-анаға қанша уақыт беру керек екенін, қанша уақытта полиция шақыру қажет екенін де білмейді. Арасында ата-ата сотқа беріп, тыныш жұмыс істетпейтінін ойлап, алаңдайтындар да бар.

Павлодарлық дәрігерлер баланың анасымен ортақ шешімге келе алмаған соң полицияға хабарласып, консилиум өткізді. Алайда қан құйып үлгермеді, бала қайтыс болды.

Неонатологтың айтуынша, шала туылған нәресте әйелдің алғашқы сәбиі. Былтыр әйел жүкті кезде оған күрделі ота жасалған. Алты сағат бойы жасалған ота кезінде әйелге қан құйылған. Бұл туралы әйелдің медициналық картасында көрсетілген.

Дәрігердің сөзінше, егер әйелден операция үстелінде қан кете бастаса, бірнеше минут ішінде қан құйылады. Ондай сәтте діни сеніміне қарап, оны көндіруге уақыт болмайды. Жол-көлік апаты кезінде де сондай шешім қабылданады. Алайда, баласына қан құюға келісім бермеген әйел өткен жылы өзіне қан құйған дәрігерлердің шешіміне шағымданбаған.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста