Рок-н-ролл жайлы қазақша хабар

Рок-н-ролл қазақ тілінде сөйлейтін болды. Tengri FM радиосы қазақ тіліндегі жаңа бағдарламаны жарыққа шығарады.
«Рок-н-ролдың жырын айт» деп аталатын хабар рок-н-ролл тарихын, жанрдың ерек­ше­ліктерін, дәстүрлер сабақтастығын қа­зақтілді ортаға түсіндіре отырып, таза музыка тыңдармандарының қатарын көбейтуді мақсат етеді. Алғашқы хабар ақпанның 19-ы күні жиілікке шығады. Рок музыка әлеміне қатысты хабарды қазақстандық рок-н-рол­дың жас өкілі, «Алдаспан» тобының электр­домбырашысы, әрі вокалисі Шамшаддин Омаров жүргізеді. Жоба идеясының авторы – радионың эфир редакторы Шоқан Ора­заев. Бес минуттық танымдық-музыкалық бағдарламаны сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 10:40-та тыңдай аламыз. Tengrinews.kz порталының нақтылауынша, хабардың бісмілләсі ХХ ғасырдың 20-жыл­дары танымал болған «қара блюз» туралы болмақ.
Шоқан Оразаев, Tengri FM радиосының эфир редакторы:
– Бейімбет Майлиннің «Коллективтің жырын айт» деген өлеңі бар ғой. Ол ұжым­дастырудың уағызы жайлы айтса, біз осыны рок-н-ролл тақырыбына қатыс­ты қолданып отырмыз. Хабарда рок-н-ролл туралы барлық нәрсені қазақ тілінде айтатын боламыз. Музыка жайлы қазақ­ша айту десе, көпшіліктің ойына халық музыкасы, поп-музыка, эстрада, той ән­дері, фонограммамен орындалатын Шәм­ші әндерінің концерті оралады. Жоқ, бұл хабар – тек қана рок-н-ролл жайында. Ол әлемдік музыкаға, ұлы өнерге саяхат сияқ­ты бағдарлама болады. Батыстан, Амери­кадан бері қарай, блюз, блюздің рок пен джазға айналуы, джаз бен роктың Амери­каға баруы, басқа да елдердің рок музыка­сы тағы басқа ерекшеліктер жайлы баян­далады. Батыс пен Шығыс мәдениетіндегі тарихи-рухани байланыстар жайында да айтқымыз келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста