Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
"Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Ол президенттің көмекшісі болып екі жылға жуық жұмыс істеді.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы 11 наурызда дүниеге келген &ndash 44 жаста. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Бұған дейін ол Қазақстанның Финляндия және Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығы басшысының орынбасары болған.
Қазіргі уақытта президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарып отыр, оның бірінші орынбасары &ndash Дәурен Абаев, тағы үш орынбасар бар &ndash Ержан Жиенбаев, Мәлік Мырзалин және Тимур Сүлейменов.