Ресей тыныштық режимін жариялады: Халық Украина қалаларынан шыға алады
Ресей Қарулы Күштері сағат 10.00-ден бастап тыныштық режимін жариялап, гуманитарлық “дәліздер” ашты. Бұл Франция президенті Эммануэль Макронның Ресей басшысы Владимир Путинге жасаған өтінішінен соң қолға алынды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сонымен бірге, гуманитарлық дәліздердің ашылу кезеңінде Ресей Федерациясы Қарулы Күштері эвакуацияны, оның ішінде Ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдана отырып, үздіксіз объективті бақылайды. Сондықтан біз украин тарапының Ресей мен бүкіл өркениет әлемін гуманитарлық операцияны құртуда тағы да алдау әрекеттері мағынасыз екенін ескертеміз", – делінген хабарламада.
Штаб дәліздердің қайда өтетінін нақтылады. Киевтен: Киев, Гостомель, Раковка, Сосновка, Иванков, Ораное, Чернобыль, Гден (РБ), Гомель. Ары қарай Ресейге әуе көлігімен жөнелту.
Штабтың мәліметінше, барлық ақпарат БҰҰ, ЕҚЫҰ, ХҚКК және басқа да халықаралық ұйымдардың бейінді құрылымдарына жеткізілді.