Ресей сарапшысы: Қазақстан тарихы қате оқытылуда

Ресей сарапшысы: Қазақстан тарихы қате оқытылуда

Қазақстан мектептерінде оқытылып жатқан тарих пәні кеңес үкіметін жақтырмауды үйретеді, мәскеу билігіне қарсы көзқарасты қалыптастырады. Осындай мазмұнмен Ритм Евразия басылымында мақала жарияланды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

 Мақала авторы Сергей Смирновтың жазуынша, Қазақстан КСРО-дан бөлініп тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихын қайтадан қарап, мүлде басқа бағытта &ndash Ресей империясына қарсы көзқарас қалыптастыру бағытында білім беріп жатыр. Мұны ол қазақ билігінің саяси бағытының өзгеруімен байланыстырады.

"Халықтың тарихи білімі төмендеп барады. Тарих бойынша жазылған кітаптар аз. Дүкенде сатылымда жоқ көбі. Бар болғанның өзінде үгіт-насихаты басым кітаптар тұр. Яғни, антиресейлік пропаганда басым. Тарихты ғылыми мамандар емес, дилетант-әуеқойлар жазуда", - дейді мақала авторы.

Оның жазуынша, кеңес билігі де, империялық билік те аз уақыттың ішінде Қазақстан республикасы аумағын астаң-кестең еткені белгілі. Алайда ол қазақтың ғана емес, бүкіл кеңес халықтарының обалына қалды. "Бұған орысты кінәлап қажет емес" дегенді алға тартады.

Сондай-ақ автордың жазуынша, қазақстан тарихы оқытып жатқан геноцидті кеңес билігі жасаған емес. Нақтырақ айтсақ, кеңес билігі қасақана ұйымдастырған нәрсе емес.

"Геноцид деген не? Халықты, ұлтты, этникалық топты, діні бөлек топты қасқана құрту әрекеті. Ал Қазақстандағы ашаршылық пен геноцидті Ленин мен Сталин әдейі ұйымдастырған жоқ. Бұл &ndash аяқ астынан, табиғат апаты мен ұжымды ұйымдастыруға жұмылған адамдардың надандығынан туған қайғылы жағдай. Ал қазақстан тарихында Ленин билігіне деген жек көру мен жағымсыз көзқарасты қалыптастыру идеологиясы жатыр. Ашаршылық кезінде Қазақстан ғана емес, Самар, Саратов, Оңтүстік Украина, Қырым, Башқұртстан, Поволжье бойы, Орал маңы &ndash бәрі зардап шекті. Барлығы 35 губернияны қамтыған. Осы уақытта Еуропада да қуаңшылық болған-тұғын", - деп жазады мақала авторы.

Сондай-ақ автор Жанболат Мамай түсірген Ашаршылық жайлы деректі фильмді тарихи фактілері әлсіз, жанама келтірген деп бағалайды. 

Айта кеткен жөн, жақында ресей тарихшысы Дмитрий Верхотуровтің "Казахский геноцид, которого не было" (Тарихта болмаған қазақ геноциді) атты кітап жазып, Қазақстанда таратқан еді. Мұнда тарихшы 1931-33 жылдары болған Қазақстандағы ашаршылықты кеңес үкіметі емес, жарлы-жақыбайлардың бағынудан бас тартқанына шыдай алмаған байлар ұйымдастырды деген фактіні алға тартқан.

Алайда бұған қоғам белсенділері қарсы шығып, кітапты сатылымнан алып тастады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста