Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Ресей билігі осы демалыс күндері елдегі жағдайға байланысты ҰҚШҰ арқылы көмек сұрады ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Сыртқы істер министрлігі желісі бойынша Ресей тарапынан ешқандай көмек сұралмады. Ресми түрде жоқ", – деді Айбек Смадияров.
Ол сондай-ақ журналистердің егер Ресей президентінен осындай ұсыныс түссе, ҰҚШҰ аясында көмек көрсетіле ме деген сұрағына жауап берді.
"Бұл тек осы ұйым белгілеген шарттар мен ережелердің шеңберінде ғана (көмек жібереді – ред. ескертпе). Бұл ұйымның ережелерін қараңыз, сонда бәрі жазылған", – деп түйіндеді ол.