Ресей Байқоңырды жалға алудан бас тартуы мүмкін
Қазақстан мен Ресей 15-20 сәуірде ғарышты игерудің бірқатар мәселелері бойынша келіссөз жүргізбек деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кеше Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин жоспарлары өзгермегенін айтты. Олар Қазақстанмен жұмыс істеп, барлық жоспарланған ғарыш бағдарламаларын дамытатынын мәлімдеді. Біз ресейлік әріптестермен келіссөз жүргіземіз, өйткені уақыт орнында тұрмайтыны түсінікті. Бізде 15-20 сәуірге бірқатар мәселелер бойынша, оның ішінде таяу жылдарға арналған перспективалы жобалар бойынша олармен келіссөздер жоспарланған", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Ол Ресей Байқоңырды жалға алу үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейтінін айтты. Шарт 2050 жылға дейін ратификацияланды.