Мәскеу облысының тұрғыны Сергей Кравченко рейстердің тоқтатылуына байланысты үйіне қайта алмай жүр. Ол осымен екінші тәулік бойы Алматы әуежайын паналауға мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам Қазақстан аумағына 22 наурызда кірген. Нұр-Сұлтанға келген бойда коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі белгілі болғаннан кейін Қарағандыға жеткізілген.
29 наурызда өзге елдерде жүрген ресейліктер үшін отанына оралуға қажетті мәліметтерді білген. Оған Алматыдан ұшу керек екені айтылыпты.
Кейіннен ер адамның 31 наурызға белгіленген рейсі тоқтатылғаны белгілі болған. Енді ол Алматы әуежайын паналауға мәжбүр. Әуе айлағының қызметкерлері шетелдікті тамақтандырып, интернетке қосылуына мүмкіндік жасаған. Ресейлік күту залындағы орындықтарда ұйықтайды. Сергей елдегі дипломатиялық миссия өкілдерімен байланысқан, алайда, әзірге олардан ешқандай хабар келмегенін айтады.
Ресейліктің сөзіне қарағанда, ол вируспен күтесуге арналған құрал-жабдықтар өндіретін компанияда жұмыс істейді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайының барлық рейстердің келуін тоқтату туралы шешім қабылдағанын жазғанбыз.