Ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айларында Өскемен қалалық Солжағалау аудандық пробация қызметіне қаңтар оқиғаларына қатысушы бірқатар тұлғалар оздерінің жаза мерзімін өтеу үшін есепке алынған болатын.
Бас бостандығынан шектеу және шартты түрде сотталаған тұлғаларға қазіроі таңда 2022 жылғы 2қарашадағы № 152-VII ҚР «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес рақымшылық актісі қолданылып Өскемен қалалық №2 сотыңың қаулысы бойынша сотталған тұлғалардың жаза мерзімдері ҚР ҚК және Рақымшылық туралы заңының баптарына сәйкес 4/3 бөліктеріне қысқартылып, жаза өтеу мерзімдері қысқартылды.
"Қазіргі уақытта сотталған тұлғалармен үнемі профилактикалық шаралар жүргізілуде. Егерде ары қарайда өзінің оң мінезін көрсетіп, дұрыс жолға түскен рақымшылық туралы заңы қолданылған сотталғандар жаза мерзімінің жартысын өтеуіне байланысты 2023 жылдың I тоқсанында мерзімінен бұрын шатты түрде толықтай дерлік босауына мүмкіндіктері бар" - деді Өскемен қаласы Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Улабек Ж.