Қалалық статистика департаменті жаңа туған нәрестелер арасында ең танымал есімдерді атады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бері дүниеге келген ұлдар арасында Рамазан есімі – 97, одан кейін Әмір – 95, Әлихан – 87, Алан – 73 және Али – 72 сәбиге беріліп, кеңінен таралған есімдер қатарына кіріп отыр.
Статистикалық мәліметтер Омар, Макар, Амре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрахим сияқты есімдер қайтадан танымал бола бастағанын көрсетеді.
Жаңа тулған ұл балалар арасында ерекше есімдер бар: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел, Арчи, Азарий, Арби.
Жаңа тулған қыздар арасында ең танымал – Медина-150, үздік 5-ке Айлин – 149, Аяла – 114, Айша – 113 және Амина -105 есім кірді.
Қазақстандағы 2019 жылдың ең танымал есімдері аталды
Сирек кездесетін есімдер қатарына: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина жатқызылған.
Хабарланғандай, 2020 жылдың алты айында Нұр-Сұлтанда 14 123 бала дүниеге келді.
Сонымен қатар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, елордада егіздер мен үшемдер саны артқаны байқалады.
Жыл басынан бері Нұр-сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылдың сол кезеңінде – 77) және үшем (2019 жылдың осындай кезеңінде біреуі) дүниеге келді.
Күн сайын елордада 60-110 бала дүниеге келеді.