Қызылжар неге «қызарып» барады?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ленин уығын қадаған қуыршақ мемлекеттер империясының күлпаршасы шығып, бодан елдер бостандық алғанына да биыл – 19 жыл. Ал қызылжарлық депутаттар сол келмеске кеткен Кеңестер өкіметін әлі көксеумен жүрген сияқты. Өзге болса бір сәрі, егемен елдің ертеңі қолдарына сеніп тапсырылған халық қалаулыларының қылығы ұлтым деген ұлдың қанын басына шаптырды.

Тәуелсіздік күні Қызылжар қаласындағы бұрын «Күн көсем» тұрған алаңға еліміздің рәміздері композициясы қойылғанда қала қазаққа қайта бастады деп сүйіншілеткеніміз рас. Сөйтсек, мұнымыз бекер екен. Артынша-ақ қалалық мәслихат пен ономастикалық комиссия жігерімізді құм қылды.

Дерек
Қызылжар қаласында ұзынды-қысқалы 319 көше бар. Соның 16 пайызы ғана қазақша аталған. Қазақ ақын-жазушылары мен тарихи қайраткерлер атында 19 көше бар, ал орыс әдебиетінің өкілдері мен тарихи тұлғаларының есімі 55 көшеге беріліпті. Революционерлердің есімімен 45 көшеге аталған. Тәуелсіздік алғаннан бері 25 көшенің аты ауыстырылып, қаланың өсуіне байланысты пайда болған 22 көшеге жаңа атау берілген. Осылардың онын орысша атау ұйғарылыпты.
(Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпарат базасынан)

Қалалық мәслихаттың ХХІІ сессиясының күн тәртібінде шаһардағы бірнеше көшенің атын ауыстыру мәселесі қаралған болатын. Жергілікті жұрт Отаршылдық-тоталитарлық сипаттағы атаулар мен революционерлерден көз ашпай келе жатқан қала көшелеріне ұлт ұландарының есімі берілетін шығар деп күткен. Мысалы, Алаштың ханы Абылайға бір көше беру керектігін мұндағы зиялылар көптен бері көтеріп жүр. Алайда депутаттардың көздегені басқа болып шыққан секілді. Үш жүздің басын қосқан, қазақ елін қалмақ қолынан сақтап қалған Абылайға көше атамай, облысты жеті жыл ғана басқарған қып-қызыл коммунист Василий Демиденконы артық көрді. Қазіргі жастардан «Демиденко деген кім?» деп сұраңызшы. Ол туралы ешкім ештеңе білмейді. Өзі осы жердің тумасы да емес, Украинада дүниеге келген.

ХХІІ  сессия украиндарды ұлықтауға арналып ұйымдастырылғандай. Халық қалаулылары осы елдің тағы бір тумасы Илья Залмановқа да бір көше берді. Сонда ономастикалық комиссия мен мәслихаттың мақсаты не? Жоғалған құндылықтарымыз бен ұлыларымыздың ұмытылған есімдерін енді-енді қайтарып жатқанда бұлар коммунистерді түгендеуге кіріскен бе? Ал қазақтың қаласында Абылайдың атында көше жоқ деген сүйегімізге түскен таңба емес пе? Оның үстіне, Қызылжарда ханның Ақ үйі табылып, қазір алдына ат үстіндегі мүсіні қойылды. Бірақ хан ордасы Кәрім Сүтішев деген революционердің атындағы көшеде тұр.

Соңғы жылдары Қызылжардағы бір көшенің екі атауы болды. Жартысы ақын, журналист Ғалым Малдыбаевтың атымен, қалған бөлігін Совет көшесі деп келдік. Ақыры екеуара теке-тіресте ақын жеңіліп қалды. Қалалық мәслихаттағы Анатолий Мишин, Александр Казанцев деген  кеңестік дәуірдің қалдықтары тарихты сызып тастауға болмайтынын айтып байбалам салмасы бар ма? Және дегендерін істетті. Сонда бұлар қай елдің депутаттары деген сауал туады.

Ғалия МАЛДЫБАЕВА, Ғалым Малдыбаевтың қызы:
– 2002 жылы әкемнің 100 жылдығында қаланың зиялы қауымы жиналып, Совет көшесін Ғалым Малдыбаевтың атымен атауды ұйғарады. Бірақ ол кезде мәслихаттың шешімі қажет екенін білмеппіз. Кейбір мекемелер Малдыбаев көшесінде, тағы біреулері Совет көшесінде орналасқан деп жүрді. Осыны пайдаланып, қалалық мәслихаттың қазіргі депутаттары әкемнің атын сызып тастамақшы. Лениннің де есімін құрттық қой, ал «советте» тұрған не бар? Ешбір мағынасы жоқ сөз.  Депутаттар «тарихты ұмытуға болмайды» депті. Ондай болса,  Абылай хан, Қожаберген жырау, Біржан сал, Сегіз серілердің есімдері неге еленбейді?.

Жанкелді ТӘЖИН, қалалық мәслихат депутаты:
– Мәслихатта 19 депутат бармыз. Соның алтауы ғана қазақ. Екі есе азбыз. Дауысқа салғанда қандай нәтиже шығатынын өздеріңіз көріп отырсыздар. Осы жолы да солай болды. Айтыстық-тартыстық, бірақ нәтиже жоқ. Мысалы, өзге ұлт өкілдері «Малдыбаев дегенді білмейді екенбіз» деп шықты. Сондықтан газет-журналдарда ол азаматтар туралы көптеп жазуымыз қажет сияқты. Бір айтарым, Ғалым ағамыздың аты ескерусіз қалмайды. Бір көше береміз. Бірақ ол Совет көшесі емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста