Қызылжар әуежайының тағдыры қыл үстінде тұр

Абай Омаров (коллаж)

Қызылжар қаласындағы халықаралық әуежай жабылып қалудың сәл алдында тұр. Бұлай деуімізге көлік прокуратурасы жүргізген тексеріс кезіндегі анықталған кемшіліктер себеп. Әуежайдың бұған дейін де бірнеше рет есігіне қара құлып ілінген-ді. Бірақ біраз уақыттан кейін әуе қатынасы әуелгідегі қалпына қайта келіп отырған.

Сонымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көлік прокурорлары жыл басынан бергі алты ай ішінде Қызылжар қаласындағы халықаралық әуе­жайға 19 рет тексеру жүргізген. Тексеру нәтиже­сін­де халықаралық деген дардай атқа ие әуежайдан ұзын саны 201 кемшілікті тауыпты. Техникалық ере­же­лердің бұзылуымен қатар, жұмысшылардың құ­қық­тарының аяққа тапталып жатқандығы да бел­­гілі болған. Осының нәтижесінде әуежайдың 180 жұ­­мысшысының айлар бойғы алмаған 18,8 мил­лион теңге айлық жалақысы өндіріліп берілді. Со­ны­­мен қатар көлік прокуратурасы әуежай ұшақ­тардың ұшып-қонуына қауіпті екендігін айтып отыр.
Бүгінде 60 пайыз акциясы жекеменшік компа­нияның қолында. Қалған 40 пайызы облыстық әкім­діктің еншісінде екен. Солтүстік Қазақстан об­лысы бойынша көлік прокуроры Айдар Шақаров: «Негізгі акционер Altyn Estate ЖШС әуежайдағы кемшіліктерді жоймақ түгіл, саусағын да қи­мыл­датқан жоқ. Әуежай ғимаратында жөндеу жұмыс­тары мүлдем жүргізілмеген. Қыстың күні ғимарат дұрыс жылытылмайды, күту залынан күн шуағы түсетін дала жылырақ болар, – деді.


Акционер келісімшартта көрсетілген мін­­деттерін орындамай отыр, сол себепті ак­цияларды қайтарып алуға негіз бар екен. Бақылаушы орган былтырдан бастап әуе­жайды коммуналдық меншікке өткізу ту­ралы акционермен соттасып жатыр. Атал­мыш іс ақырын жылжып, Жоғарғы сот­тан бір-ақ шығыпты. «Әуежайды ком­муналдық меншікке өткізіп, бюджеттен қар­жы бөлдіру арқылы кемшіліктерді жой­­маса, қызылжарлық әуежай жабылып тынады», – дейді Айдар Шақаров.
Бүгінде теріскей облыстың тұрғындары ұшақпен Астана мен Алматы қалаларына ғана ұшып жүр. Басқа бағыттар әлдеқашан жабылған. Айына бір рет мектеп оқушы­лары мен ардагерлер әуе көлігімен елор­даға саяхат жасайды. Егер әуежай жабы­лып жатса, алдымен қызылжарлық бал­ғын­­дар мен қарттар жапа шегетін түрі бар.
Айдар Шақаров, СҚО бойынша көлік прокуроры:
– Мен 2008 жылдан бері әуежайдың ісімен айналысып келемін. Оның басшы­ла­рына қаншама ескертулер жасалды, айып та салынды. Әуежайдан ұшу адам өміріне қауіпті екенінен тиісті органдарды құлағдар еттік. Біз мынадай кемшіліктерді анықтадық: ұшу-қону алаңы стандарттарға сәйкес келмейді, қоршауы жоқ, өрт қауіп­сіздігі сақталмаған, тағысын-тағы. Бір сөз­бен айтқанда, әуежай халықаралық деген атына сай емес. Халықаралық стандарт­тарға мүлдем маңайламайды. Алайда қа­лай алатынын білмеймін, әйтеуір әуежай басшылары Азаматтық авиация комите­тінен ұшып-қонуға рұқсат беретін сәйкестік сертификатын алып алады.
Виктор ШЕВЕЛЕВ, әуежайдың директоры:
– Мен бұл мәселеге қатысты түсінікте­ме беруден бас тартамын. Қазір әуежай­дың жұмысында еш кедергі жоқ. Ал жа­рам­дылық сертификатына келетін болсақ, Аза­маттық авиация комитетінен келді, тек­серді, кемшіліктері болмаған соң, сер­ти­фикатты да берді. Қазір әуежай әдет­тегідей жұмысын жалғастыруда. Ешқан­дай «проблема» жоқ.

Дерек:
Қызылжар қаласындағы халықаралық әуежай 1973 жылы пайдалануға берілген екен. Ол облыс орталығынан 15 шақырым қашықтықта жатыр. Әуе­жай алаңына Ил-76, Ту-154, Ту-134, Ан-8, Ан-12, Ан-26, Ан-30, Ил-18, Як-40 сияқты ұшақтар мен тікұшақ­тар­дың барлық түрлері қона алады. Салмағы 190 тоннаға дейінгі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндігі бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста