Қызылорда облысында бірнеше блокпост қойылды

Қызылорда облысында газ таратушылар сұйытылған мұнай газын басқа өңірлерге тасымалдаған. Осыған орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жедел кеңес өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.  Бұл туралы Іnbusiness.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Нұрлыбек Нәлібаев өңірде бекітілген лимит бойынша сұйытылған мұнай газы мен дизель отынын тек облыс тұрғындарының игілігіне пайдалану керек екенін айтып, сыртқы көлік қозғалысын шектеу үшін арнайы блок бекеттер құру арқылы қадағалауды күшейтуді тапсырды.

 

"Өңір басшысының тапсырмасымен полиция департаменті Түркістан, Арал, Жезқазған бағыттарында жол тосқауылдарын қойды", - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар аймақ басшысы газ бен дизель отынының жеткілікті түрде жеткізілуін қадағалап, жанармай құю бекеттеріндегі бағаның тұрақтылығын бақылау және бағаны төмендету тетіктерін қайта қарау қажет екенін еске салды.

 

Жиын барысында облыс әкімі күннің күрт суытуына байланысты қоймалардағы қажет отын көлемін толықтыру олқылықсыз жүргізіп, өңірді көмірмен жеткілікті қамтамасыз етуді тапсырды.

 

2023 жылдың 16 қаңтарында Энергетика министрлігі дизель отынының шекті бағасын реттейтіні белгілі болды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста