Қызылорда көшесінде қоқыс «қыдырып» жүр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Өркениетті елдерге барғанда тазалық жайына таңдай қағып қайтамыз. Айнадай жалтыраған көшелерді көргенде басқа әлемге енгендей болатынымыз тағы бар. Бізде қалай десек, күмілжіп қаламыз. Өйткені еліміздің қай қаласында да тазалық өзекті тақырыптың біріне айналып отыр. Сырдың бас шаһарының әкімі мен тізгін ұстаған атқамінерлердің барлығы осы мәселеге бас ауыртып келеді. Өкінішке қарай, қаланың қанша әкімі ауысса да, бас ауыртқан мәселе «баяғы жартас» күйінен өзгерер түрі жоқ.
Қызылорданың көптеген кө­ше­сінде тазалық мәселесі көзге кө­рініп тұрады. Тау-тау болып үйіл­ген қоқыс еңсені езеді. Әрине, бізде әлі күнге дейін қала мә­дениеті қалыптаса қойған жоқ секіл­ді. Облыс орталығының таза­лы­ғына тұрғындар немқұрайды қарайды десек те, артық емес. Се­бебі үйден шыққан қоқысты кө­шенің кез келген жеріне төге салатын жұрт та аз емес. Дегенмен бұл мәселеге жауапты құзырлы меке­ме­нің де жұмысы өте сылбыр деуге болады. Көп қабатты үй­лер­дің алдындағы қоқыс төгетін орын­дар, қашан көрсеңіз, аузы-мұ­рнынан асып-төгіліп жататыны үйрен­шікті жағдайға айналды. Жел соққан күн­дері шашылған қо­қыс қала ішін «қы­дырып» жү­реді.
                  Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Сырдың бас қаласында 400-ден астам көше бар екен. Соң­ғы санақ деректері бойынша, Қы­зыл­ордада 230 мыңнан астам ха­лық тұрады деп есептеліп отыр. Қала тіршілігіне бауыр ба­сып ке­ле жатқан жұрт жылдан-жылға артуда. Ен­­деше адам санының көбеюі қала тазалығы мәселесіне өз әсерін тигізіп отыр деуге толық негіз бар. Бір қызығы, қала тұрғындары көбейіп келе жатқанымен, тазалық мәселесі бұрынғы қалпынан бір айныған емес. Тіпті оны маусымдық шара деп ұғатындар бар.
Қолдағы деректерге сүйенсек, облыс орталығынан тәулігіне 800 текше метр қоқыс шығарылуы қажет екен. Алайда бүгінгі күнге дейін оның үштен бір бөлігі ғана сыртқа тасылған. Қалғаны қаланың сәнін бұзып, ішкі бөлікте қала береді. Тағы да бір айта кетерлігі, қаладан шыққан қоқыс арнайы полигондарға жеткізілмейді. Оны кез келген жерге төге салатын адамдар да жетерлік. Мәселен, қаланың сыртына, дарияның жағасына, ескі өнеркәсіп орындарына апарып төге салады. Онсыз да экологиялық ахуалы төмен қаланың жағдайы ушығып кетері даусыз.
Былтыр қала біршама тазарып қал­ған­дай болған. Себебі былтыр Қызыл­орданың 190 жылдығы аталып өтілген еді. Өкінішке қарай, сол жұмыстардың көбісі аяқсыз қалды. Мерейтой қарса­ңында ашылған скверлер мен аллеялар қараусыз қалып қойғаны жасырын емес. Бұл демалыс орындарындағы өскіндерге көңіл бөлген ешкім жоқ. Осының сал­дарынан күтімсіз қалған өскіндер қурап кетті. Олардың орнын арамшөптер басып кеткенін көп­шіліктің көзі көріп жүр. Елдің арасында «Қызылорданың тазалығына тек мерейтой қарсаңында ғана мән беріле ме?» деген сауал бар. Әрине, бұл орайда қала таза­лығына жауапты меке­менің немқұрай­ды­лығы сезіледі.
Айқын БИСЕМБАЕВ, Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары:
– Бізде әлі күнге дейін тазалық мәселесіне байланысты қаланың бас сызбасы жоқ. Тазалыққа нұқсан кел­­тіргендерге көрілетін шара өте әлсіз. Оны құқықтық жағынан жетілдіруіміз тиіс. Қоқысты арнайы полигондарға жеткізуде проблемалар бар.

Облыс орталығының тазалығын сақ­тауға көңіл бөліп жүрген Ыбырайхан Мұ­са­баевтың қолға алған ісі құптарлық. Ол кісі қоқыс салатын контейнердің жаңа түрін қолданысқа енгізуге күш салып келеді. Дегенмен оның болашағы қандай екенін әзірге дәл болжап айту қиындау. Аталмыш контейнердің ерекшелігі көп. Оның біреуі 20 контейнердің қызметін атқарады. Оған қоса аталмыш дүние жердің астына салынады. Яғни қоқыстар қазіргідей жердің бетінде шашылып жатпайды. Екі күннің бірінде жел тұратын Қы­зылорда үшін бұл таптырмас дүние еке­ні белгілі. Алайда бұл контейнер санаулы ғана. Оны қаланың барлық бөлігінде қол­данысқа енгізу бүгінгі күнде арман күйінде қалып отыр. Себебі қазір олардың саны он сау­саққа да жетер-жетпес.
Бір қызығы, қаланың қаржы қазанынан тазалыққа бөлінген қаржы қажетті мөлшерден төрт еседей кем екен. Әрине, мардымсыз ақшамен облыс орталығын айнадай жалтырату оңай болмас. Қысқасы, бұл орайда жүйелі жұмыс жүргізу керектігі көзге ұрып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста