«Қызғалдақ фестивалі» өткізілмек

Табиғаты керемет Жамбыл өңірінде елімізде сирек кездесетін қызғалдақтар түрі жетерлік.  Олардың арасында жыл жылжыған сайын жоғалып бара жатқандары да бар. «Қызыл кітапқа» енгізілген Кауфман және Грейг қызғалдақтары да сирек те болса осында өседі.
Табиғаттың ғажайып сыйын сақтап қалуды көздеген жам­был­дықтар 5 мамыр күні Тараз қаласындағы «Достық» ала­ңын­да «Қызғалдақ фестивалін» өткізбек. Бұл іс-шараға 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен қо­нақтар шақырылмақ. Туризм индустриясының өкілдері де қа­тысатын болады. Шетелдік қонақтарға қызғалдақтар өсетін ай­мақтарға арнайы саяхат ұйымдастырылмақ. Фестиваль ая­сында жауқазынды баптап өсірген бақташыларды анықтау, қыз­ғалдақтардың тарихын жатқа білетіндерге викториналар, қыз­ғалдақтың керемет суретін салған суретшілер арасында ар­найы байқаулар ұйымдастырылатын болады. Қызғалдақтарға ар­налғандықтан, фестивальдің бар мақсаты да осы гүл түрін сақ­тап қалуға, оның жойылып кетпеуіне атсалысу болып табы­лады. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілердің өтініштері бар­лық облыстан қабылдануда. Театрландырылған көріністерден бас­тап, би қойылымы, өлең, ән, фотосуреттер, бейнематериал­дар, суреттер, қолдан жасалған дүниелер, тіпті қолдан пісірілген тәт­ті өнім пісірушілер де қатыса алады. Тек барлығы да бір тақы­рыпқа – қызғалдаққа арналуы тиіс. Оның ішінде де тек Жам­был облысында ғана өсетін қызғалдақ түріне арналуы қа­жет. Фестивальді ұйымдастырушы – Облыстық туризм, дене шы­нықтыру және спорт басқармасы. Басты мақсаты отандық туристік фирмаларды ішкі туризмді дамытуға үлес қосуға үндеу болып табылады. Елімізде бұрын-соңды болмаған байқауда бағын сынауға тілек білдірушілер тіптен көп.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста