Қыс басталғалы Қазақстанныӊ Төтенше жағдайлар қызметі 1780 адамды қар құрсауынан құтқарып, 479 бірлік автомобиль техникасын эвакуациялады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Аса көп құтқарылғандардыӊ саны Алматы облысында (37 оқиға, 857 адам мен 377 бірлік техника), Шығыс Қазақстанда (21 оқиға, 503 адам мен 184 бірлік техника) және Қарағанды облысында (16 оқиға, 174 адам мен 20 бірлік техника). Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігініӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.
Құтқару қызметтерініӊ уақытылы әрі шұғыл әрекет етуініӊ арқасында автожолдарда күрт төмен температура жағдайында қар құрсауында қалғандардыӊ ішінде қаза болғандар жоқ.