ҚТЖ қызметкері 82 млн теңгені заңсыз иеленген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы көлік прокуратурасы «ҚТЖ-Жүк тасымалы»-«Алматы жүк тасымал бөлімшесі» филиалы лауазымды тұлғасының аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісін анықтады.
Лауазымды тұлға филиал қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың банктік шоттарына 82 млн.теңгеден астам соманы аударған.Көрсетілген ақшалай қаражатты қаскүнем өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Аталған факт бойынша материалдар экономикалық тергеу органдарына процестік шешім қабалдау үшін жолданып, Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, яғни аса iрi мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша.
«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 17.01.2023 жылғы үкімімен «К» лауазымды тұлғасы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарға орналасуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып шартты түрде 7 жылға сотталды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.