ҚТЖ пойыз билетін онлайн қайтару қызметін іске қосты
"Жолаушылар тасымалы" АҚ осы қызметті іске қосты.
"2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электронды жол жүру құжаты бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске қосты", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
Жолаушы билетті пойыздың станциядан аттануына дейін 1 сағаттан аз уақыт қалса және станциядан аттанғаннан кейін электронды билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат өткенге дейін онлайн қайтара алады. Орынды қайтару үшін мыналарды орындау керек: Қазақстан темір жолы сайтына кіру, "Наразылық бойынша орынды қайтару" қосымша бетін басу; сайтта қажетті барлық жолды толтырып, орынның қайтарылғаны туралы түбіртекті жүктеу.
"Жолаушыға қаражат электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алу тәсілі мен орнына байланысты белгіленген тәртіппен қайтарылатынын жолаушылар ескеруге тиіс", - деді баспасөз қызметінде. Толығырақ ақпаратпен компания сайтындағы "Көмек" – "Орындарды қайтару" бөлімінде танысуға болады. Жолаушылар тасымалы ережелері бойынша қолданылмаған жол жүру құжаты үшін ақшаны қайтару орынды сату жүйесіне қайтарған кезде ғана орындалатынын атап өту керек.