ҚР Қорғаныс министрлігі генералдарының құттықтауы қыз-келіншек әскери қызметшілерді таңғалдырды

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қыз-келіншектері үшін генералдар, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасарлары керемет концерт ұйымдастырды. ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары басшылық құрамы халықаралық 8 наурыз әйелдер күнімен әйел әскери қызметшілерді құттықтауға айрықша көңіл бөлді. 

«21 ғасырда әйел әскери қызметші немесе сарбаз әйел деген кәсіптің болуы ешкімді таңғалдырмайды. Елбасы – Жоғары Бас Қолбасшының сөзімен айтсақ, «бүгінде ер-азаматтар сияқты әйелдер де погон тағуға тең құқылы». Олардың барлығы жоғары білімді, шығармашылық және қоғамдық өмір салтын белсенді ұстанатын қалыптасқан тұлғалар», - деп  ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскери қыз-келіншектерге жылы лебізін білдірді. 
Мерекелік концерт әйел әскери қызметшілерді шаттыққа бөлеп, көңілін бір көтеріп тастады.  Бірде-бір көрермен бұл мерекеде назардан тыс қалмады. Оларға гүл шоқтары тарту етіліп, аяулы аруларға  арнап арнайы шығарылған ән орындалды, ал жасұландықтар қыз-келіншектерді биге шақырды. 
Алайда, бүгінгі концерттің ең басты тосынсыйы ҚР Қорғаныс министрі орынбасарларының көрсеткен ерекше өнерлері болды. Генерал-лейтенант Оқас Сапаров пен Нұрлан Сауранбаевтың орындауындағы лирикалық әндер,  генерал-майор Талғат Мұхтаровтың айрықша бейнеге енуі және «Сонымен бізге керегі тоғыз жүз гүл, ал бір гүл – алты жүз» деген ән жолдарымен  Берік Шолпанқұловтың бюджетті музыкалық есептеуі  барлық залды тәнті етті.   -Банкет, су мен жарықтың есебін қосайық. Осымен барлығы ескерілген сияқты» - деп Қорғаныс министрінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары өз әнін аяқтады.
Барлық орындаушылар, әртістер мен бишілер мереке иелеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.



 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста