ҚР Қарулы Күштерінің озық әуе нысанашылары курсты аяқтағаны туралы сертификаттар алды

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасында ҚР Қарулы Күштеріндегі озық әуе нысанашыларының курстық даярлығы аяқталды.

Курстық даярлықтың қорытындысы бойынша әскерилерге курсты толық бітіргені жөнінде куәліктер берілді. Куәліктерді табыс ету мақсатында 19132 әскери бөліміне қарасты Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов келді.
«Бұл курстар жыл сайын авиациялық бөлімшелердің басшылығында тасымалданатын байланыс құралдарын пайдалана отырып, жұмыс картасымен координаттарды анықтау және жерлерді бағдарлау, сондай-ақ әуе кемелерінде дұрыс сөйлеу мәнерін өңдеу арқылы жұмыс сапасын арттыру үшін жыл сайын өткізіледі. Бұл әуеде және жерде операцияларды жүргізу кезінде интеграцияны жетілдіру үшін қажет сапа», – деп атап өтті полковник Тұралы Қойшықұлов.
Курстық даярлықты ұйымдастыру және өткізу үшін ҚР ҚК ӘҚК Бас қолбасшысы басқармасының бас штабынан нұсқаушы-оқытушы құрам шақыртылды.
Әуе қорғанысы күштерінің, Құрлық әскерлерінің және Парашютпен даярлық орталығының әскери қызметшілері курстық даярлықта оқытылды.
Курстық даярлықтың қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштерінен, Құрлық әскерлерінен, 14776 әскери бөлімі мен ҰҚК шекара қызметінен 60-қа жуық маман даярлықтан өтті.
2016 оқу жылында озық әуе нысанашыларымен өткен бұл курстық даярлық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінің, басқару органдарының 2016 жылға арналған Даярлық жоспарына және ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұйрығына сәйкес өткізілгенін атап өткен жөн.

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста