Осыдан 22 жыл бұрын, 1993 жылдың 2 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР ҚК түрі ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері құрылды.
Каспий өңірі Қазақстан мен әлемдік мемлекеттердің экономикасы үшін айрықша маңызға ие. Теңізді қорғауды қамтамасыз ету үшін елімізде заманауи Әскери-теңіз күштерін құру қажеттілігі туындады. ӘТК (Әскери-теңіз күштері) басты міндеттері мемлекеттің дербес шекарасын, аумақтық тұтастығын, егемендігін және Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады. Әскери-теңіз күштері жоспарлы түрде дамып келеді, оның ішінде кемелердің құрылысы және оларды сатып алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жыл ішінде отандық «Орал зауыты» Зенит» АҚ кәсіпорнында жасалған үш зымыранды-артиллериялық кеме қатарға қосылды.
Сонымен қатар ресейлік кеме жасау зауыттарында «Алатау» миналық-тартқыш кемесі қойылды, бұдан өзге соққы беретін қаруы бар кемелерді жасау мүмкіндігі зерделенуде. Бүгін Ақтауда гүл шоқтарын қою, парад лектерінің салтанатты мерекесі және мерекелік концертті құрайтын салтанатты шаралар өтеді. Ақтау гарнизонына қарасты бөлімдер басшылығы әскери қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамының алдына қойылған міндеттерді мүлтіксіз атқаратындығын, еліміздің батыс өңірін қорғайтыны және өздерінің жауынгерлік, кәсіби шеберліктерін тұрақты жетілдіретіндігіне сенім білдірді.