Қостанайда бала көтерген келіншектері тек егіз босанатын ауыл бар (фото)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тәгіл селолық округінде бала көтерген келіншектер егіз туады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

 

МИЛЕНА МЕН МИЛАНА ЗАНУНИНАЛАР. ФОТО: NUR.KZ

Араға 20 жыл салып, аяғы ауыр келіншектер жаппай егіз туатын ауылдағы түсініксіз құбылысты тұрғындар  «Алланың сыйы» деп отыр. Егіздер туылатын ауылдағы ерекше жағдайға ғалымдар зерттеу жүргізбек.  

«Біздің табиғатымыз сұлу, ауамыз таза, топырағымыз құнарлы. Соңғы жылдары 28 егіз дүниеге келді. Келіндер чемпион, егіздер туып жатыр. Егіздердің ұлты әртүрлі: орыс, украин, неміс, башқұрт, татар, әзірбайжандар бар. Егіздердің туылуы – Тәгілге тәңірдің берген сыйы боп тұр. Мені кейде адамдар мазақтайды «егіздерді әкім шығарады» деп жатады. Ауылда егіздердің тууы кеңес үкіметі уақытынан бар. Мүмкін оған дейін де болған шығар. 1955 жылдары ауылда егіздер көп туған. Босанған әйелдердің барлығы егізден тапқан. Бір жылдары болмай кетті. 1980 жылдары қайта ауыл  келіншектері егізден тапты. Тұқымында егіз бала жоқ келіншектер егіз туып, таң қалғанымыз бар. Осыдан кейін басылды. Араға уақыт салып, 2000-жылдан бастап егіздер қайта туыла бастады. Ауылға көшіп келіп жатқан  кісілер егіз балалы болды. Себебін білмейміз», - дейді Тәгіл селолық округының әкімі Сағынай Сүндеталин.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бала өлімімен аяқталған жол апаты жабулы қазан күйінде қалды

20-25 жыл сайын қайталанған құбылысқа ешкім зерттеу жұмысын жасамаған.Ауыл тұрғындары құбылысты ерекше құдіретке балап отыр. Ауыл әкімі бұл жағдайды зерттеуге ауылға ғалымдар келуге ниетті болғанын айтты.

<video id="yaVideoPlayer_291490" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" ></video>

«Бір кездері осы ауылға «ғалымдарды жібереміз» деді. Себебі, Қазақстанда жаппай егіздер тек осы ауылда туылады екен. Жерден бе, ауадан ба, белгісіз.  Біздің ауылға келген келіншектер тек егізден табатын ерекшелігіміз болып тұр», - дейді ауыл әкімі Сүндеталин.

Егіздердің ата-аналарының көпшілігі балаларын суретке түсіртуден қорықты. «Балама көз тиеді» деген олар сақтанумен болды.

МИЛЕНА МЕН МИЛАНА ЗАНУНИНАЛАР, 10 ЖАСТА

Егіз қыздар қазір Тәгіл ауылында әжесінің тәрбиесінде. Олар қалада тұратын ата-аналарына ермей, ауылда әжесімен қалған.

«Қызымның балалары,  ата-анасына ермей біздің қасымызда қалды. Менің сіңілімнің де екі баласы егіз. Біздің жеріміз сондай. Егіз болған жақсы. Бірге жүргенде әдемі, қарасаң сүйкімді. Бірақ, оларды өсіру оңай емес. Әрқайсысының мінездері әртүрлі болады. Біреуі момақан болып отырғанда, екіншісі белсенді болып кетеді. Екеуі қосылып жылаған кезде не істеріңді білмей қаласың. Кішкене кездерінде екеуін қатар тамақтандыру, киіндіру, оларға қарау қиын болатын. Қазір өскен соң екеуі шауып көмектесіп жүр», - дейді егіздердің әжесі.

ӘДІЛ МЕН АҒЗАР АХМЕДОВТЕР, ТОҒЫЗ ЖАСТА

Шекесі торсықтай екі ұл әзірбайжан отбасында дүниеге келген.

«Екі ұлым  кішкене кездерінде бір-біріне қатты ұқсайтын. Ажырата алмай, екі түрлі киім кигізіп қоямыз. Өзімнің туған балаларымды ажырата алмай қалғанда таң қалатын едім. Есейе келе сәл өзгешеліктері бар. Мінездері бөлек, қимылдарынан да ажыратамын», - дейді егіздердің анасы Инесса.

ДИАС-ІЛИЯС ДҮЙСЕНОВТЕР

Егіздер Диас пен Ілияс сегізінші сыныпқа көшкен.

«Балаларым егіз туғанда қуандым. Себебі менің өзім де егіздің сыңарымын.Екеуі бір біріне ұқсамайды. Біреуі әкесіне, екіншісі өзіме тартқан», - дейді анасы  Гүлсара.

Ауыл әкімі 28 жұп егізді аттарымен біледі.

«Егіздердің арасынан бұзақылық шыққан емес. Шеттерінен спортшылар мен өнерпаздар. Егіздерім ауылдағы барлық шараға қатысып, мерекелерді жандырып жүреді. Біздің егіздерімізге қызығатындар көп. Астанадан, Алматыдан түсіруге келеміз деп жатқандар көп», - дейді ауыл әкімі.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста