Қостанай облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Қостанай облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Жыл басынан бері Қостанай облысында 84 жол-көлік апаты тіркелді.

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған трассасында болған жол апатынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

"26 жастағы "Тойота Эстима" (нөмірі Ресей есебінде тұрған) автокөлігінің жүргізушісі, Жітіқара қаласының тұрғыны Нұр-Сұлтанға қарай бет алып, "КамАЗ"-ға тиелген автокөлікке соғысты. Қарсы бағытта Қостанай облысының 1994 жылы туған жүргізуші отырған", - деді Ерлан Омарбеков. 

Апат нәтижесінде "Тойота Эстима" жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен Әулиекөл аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне түсті. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 

Жыл басынан бері Қостанай облысында 84 жол-көлік апаты тіркелді. Жалпы 19 адам қайтыс болып, 98 адам жарақат алды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста