Қостанай облысында жатырын алып тастаған келіншек босанды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz басылымына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 7 жыл бұрын жатырын алып тастаған келіншек жүкті болғаннан кейін емхананың қадағалауына алынған.
"7 жыл бұрын анамнезінде жатырды алып тастау болған. Әйелдердің ағзаларының дамуындағы ауытқулар, соның ішінде ағзаның екә еселенуі жиі кездесетін құбылыс. Әйелдің бала көтеріп, босануы таңқалаларлық жағдай. Әйелге шұғыл түрде ота жасалды. Қатты қан кету болды. Ағзасы толығымен алып тастады. Бала тірі. Жүктілік кезінде жатырдың қаншалықты үлкейетінін білесіз бе?” – дейді дәрігерлер.
Алайда, уақыт өте келе өз гормондарының әсерінен мүше дамып, жүкті болып, дені сау бала дүниеге келді, деп қорытындылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.