Қостанай облысы: Аманқарағай орманында 158 түрлі құс мекендеген

Оның 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қызыл жалын шарпыған орманда өсімдік пен жануарларға да аса үлкен залал келді. Популяцияның қайта көбеюіне ұзақ уақыт қажет, деп жазады Qazaqstan ұлттық арнасы.

Биоалуандылықты сақтау қауымдастығы өрттің салдарына алаңдаулы. Қауымдастық қызметкері Алексей Тимошенко Аманқарағайдағы өрттің шығыстан батысқа қарай 65 шақырымға жеткенін айтады. Маманның дерегіне сүйенсек, бұл орманда көктерек, қайың, қарағай өскен. Сонымен бірге 158 түрлі құс мекендеген. Оның 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Жануарлардың мекенге қайта келіп, құстардың ұя салуы үшін орман қалпына келуі керек. Бұл аз уақыт емес. Ағаштар қайта өсуі керек. Ең бастысы, құстардың ұя салу кезеңі өрт болмай тұрып аяқталған. Сондықтан көбісі ұшып үлгерді деп ойлаймын. Алайда кеміргіштер, осыған ұқсас жануарлар түтінге тұншығып, орманда қалып қоюы мүмкін, -деді Қазақстан биоалуандылықты сақтау қауымдастығының қызметкері Алексей Тимошенко.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста