Қарағандыда бір үйдің ауласына жаңа туған нәрестені қорапқа салып, қалдырып кеткен. Қазір сәбидің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КазТаг” порталына сілтеме жасап.
"15 шілдеде сағат 21:00 шамасында Қарағанды қаласының полиция департаментінің орталық бөліміне хабарлама түскен. Онда көпқабатты үйдің ауласынан жаңа туған ер баланың табылғаны және ол медициналық мекемелердің біріне жеткізілгені баяндалған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. 21 жастағы куәгер кешкі уақытта үйдің кіреберісінен шығып келе жатып, орындықтың жанынан көрпеге оранған нәресте бар қағаз қорапты көргенін түсіндірді. Бойжеткен оны қолына алып, жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізген", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дәрігерлер сәбиді тексере келіп, нәрестенің шамамен екі сағат бұрын үй жағдайында туылғанын анықтады.
"Бала шала туған, жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ол перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында. Істі тергеу барысында полиция қызметкерлері баланың анасы-23 жастағы облыс тұрғы екенін анықтап, ұстады", - деп толықтырды полиция қызметкерлері.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.