Қажымұқанның ауылында алып бала дүниеге келді
Ордабасы аудандық орталық аурухананың перзентханасында алып сәби туылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
19 шілде күні Төрткүл ауылы, Көкарал елді мекенінің тұрғыны Кунтасова Гүлмира Абдурахманқызы салмағы 5120 гр, бойы 58 см болатын алып баланы дүниеге алып келді.
Сәбидің салмағы қалыпты нормадан артық болғанына қарамастан анасы оны уақытында және қалыпты жүктілікте босанған.
Сол күні кезекшілікке түскен перзентхана меңгерушісі А.С. Қадырбекова, акушер- гинеколог М.Б. Байларова, акушер Г. Т. Карабаева, неонотолог Г.Б. Юсупова жүкті келіншекті аман-есен босандырып алған.
Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, бәрі де дәрігерлердің жіті бақылауында.
Айта кетейік, нәресте - отбасындағы алтыншы бала.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz